Еліміздің екі боксшысы допингке байланысты спорттан шеттетілді

507

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық допингке қарсы орталығы хабарлады. 

 Еліміздің екі боксшысы допингке байланысты спорттан шеттетілді Фото: azattyq-ruhy.kz

Отандық екі боксшы допинг дауына ілінді, деп жазады inbusiness.kz sports.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстанның ұлттық допингке қарсы орталығының мәліметінше, 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Саматәлі Төлтаев анаболикалық стероид деп есептелетін оралтуринаболды қолданғаны үшін 2026 жылдың 31 наурызына дейін спорттан шеттетілді.

Тағы бір отандық боксшы Абзал Серіктің метастеронды қолданғаны анықталған. Ол 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін дисквалификация алды.

Айта кету керек, Серік Абзал Таиландта өткен 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы 2023 жылғы Азия чемпионатында күмісті қанжығасына байлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу