Еліміздің екі қаласында Škoda Transportation өндірісі ашылады

676

Бұл туралы “Kazakh Invest” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали Чех-Қазақстан бизнес-форумының кулуарында айтты.

Еліміздің екі қаласында Škoda Transportation өндірісі ашылады Фото: Railtarget

Өндіріс орындарын Алматы мен Павлодарда ашу жоспарланып отыр.

Škoda Transportation машина жасау компаниясы метро, трамвай, троллейбус, теміржол вагондары, электр пойыздары мен электр автобустарын шығарумен айналысады.

“Бұл тұста негізгі мәселе Қазақстанда электр автобустары мен трамвайларды шығару туралы болып отыр. Өндіріс орындары Алматы мен Павлодарда орналасады. Бұл жоба инвестициялардың ірі көлемі, жаңа жұмыс орындарының ашылуы дегенді білдіреді. Бүгін Škoda Transportation мен ҚР СІМ арасында меморандумға қол қойылды”, - деді Жандос Темірғали. 

Чехиялық машина жасау компаниясы Павлодардың трамвай депосы базасында трамвай вагондарының өндірісін құруға, Алматыда троллейбустарды құрастыру өндірісін ұйымдастыруға бағдарланып отыр. 

"Зауыттардағы өндіріс қуаты ең әуелі ішкі нарықты қамтамасыз етуге жұмсалады. Болашақта өндіріс қуатын кеңейтіп, Орталық Азияның нарығына шығу мүмкіндігін көздемек", деп атап өтті “Kazakh Invest” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу