5 қазандағы таңертеңгі жағдай бойынша дәнді және бұршақты дақылдарды жинау Алматы мен Қызылорда облыстарынан басқа барлық облыстарда аяқталды, деп жазады eldala.kz.
АӨК-тің Мемлекеттік инспекция комитетінің жедел мәліметтеріне сәйкес, елімізде 15 млн 706,8 мың гектар дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар немесе егіс алқаптарының 99,5 пайызы жиналды (жалпы жинау алаңы 15 млн 787,8 мың гектар). 19 млн 975,9 мың тонна астық бастырылды, орташа өнім 12,7 ц / га болды.
Негізгі астық егетін аймақтарда 13 млн 794,6 мың тонна егін жиналды, оның ішінде Ақмола облысында - 5247,1 мың тонна (өнімділігі 11,8 центнер / га), Қостанайда - 4124,5 мың тонна (10,2) к / га), Солтүстік Қазақстан - 4423 мың тонна (14,8 ц / га). Алматы облысында 409 мың га, немесе егілген алқаптың 87,1%-ы жиналды, 874,2 тонна астық бастырылды. Қызылорда облысында 79,7 мың га (79,8%) жиналды, 399,9 мың тонна астық жиналды.