Еліміздің екі облысында республикалық маңызы бар автожол жабылды

495

Екпінді жел, қар аралас жаңбыр, тұман.

Еліміздің екі облысында республикалық маңызы бар автожол жабылды Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

"ҚазАвтожол" мекемесі 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Жамбыл облысында – 1 учаске

1."Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км,

Кенен а. - Қайнар а. – 79 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады. (Екпінді жел, қар аралас жаңбыр, тұман, шектеулі көрініс).

Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске

1."Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское" 62-228 км,  Возвышенка а. -Рощинское а. – 166 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады. (Бұрқасын жел, шектеулі көрініс).

Осы сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 748 бірлік техника және 1363 жолшы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу