"Қазавтожол" компаниясының мәліметінше, боран соғып жолды көру нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысында Алматы-Өскемен автомобиль жолының бірқатар бөлігінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіліп отыр, деп хабарлайды 24.kz хабарлайды.
Атап айтсақ, Алматы облысының шекарасы мен Аягөз қаласы аралығындағы 615-768 шақырым, Үшарал қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының шекарасы аралығындағы 558-615 шақырым жабық. Сонымен қатар Үшарал – Достық автожолының Көктума ауылынан Достық стансасына дейінгі аралықтағы 83-184 шақырымда көліктердің жүруіне шектеу қойылған