Еліміздің екі облысындағы автожолдардың кейбір бөлігі жабылды

268

Осы сағатта648 бірлік техника және 1381 жолшы қызмет көрсетуде.

Еліміздің екі облысындағы автожолдардың кейбір бөлігі жабылды Фото: Inbusiness.kz

"ҚазАвтоЖол" АҚ ауа райына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар жолдарға шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

23 қаңтар, сағат 18.00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жетісу облысында– 1 учаске

1. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст.– 100 км.

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске

1. "Чапаев-Жалпақтал-Қазталов" 0-213 км,  Чапаев к.-Қазталов к. – 213 км.

Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 648 бірлік техника және 1381 жолшы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу