Еліміздің екі өңірінде 42 градус аптап ыстық болады

785

Ал Ақтөбе облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан жел соғады.  

Еліміздің екі өңірінде 42 градус аптап ыстық болады

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

15 шілде Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдап, шаңды дауыл соғады. Облыста және Ақтау қаласында желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні кей жерлерде 18 м/с жетеді.

Күндіз кей жерлерде 38-42 градус аптап ыстық сақталады.

15 шілде Қызылорда облысының кей жерлерінде және облыс орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің қарқыны түнде кей жерлерде – 15-20 м/с, күндіз - 15-20 м/с, кей жерлерде - 23 м/с болады.

Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі.

15 шілде күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу