Еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысы қайта ашылды

118

Бүгін республикалық маңызы бар екі автожол қайта ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еліміздің екі өңірінде көлік қозғалысы қайта ашылды Фото: canva

Атап айтқанда, Ақмола облысы бойынша "Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы" автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қаласы-Павлодар облысы шекарасы) көлікпен жүруге рұқсат.

Сондай-ақ Павлодар облысы бойынша "Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы" автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақмола облысы шекарасы-Шідерті ауылы) жол ашылды.

Еліміздегі жол қозғалысына байланысты ақпараттарды тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу