Еліміздің екі өңірінде тас жолдар жабылды

504

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 276 бірлік техника және 294 жолшы жұмылдырылған.  

Еліміздің екі өңірінде тас жолдар жабылды Фото: Ашық дереккөз

12 наурызда сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі облысындағы республикалық маңызы бар екі тас жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтөбе облысында - жалпы ұзындығы 377 шақырымды құрайтын тас жолда (жел, жаяу бұрқасын, көктайғақ)

  • "Самара-Шымкент" - Ақтөбе қаласы - Ырғыз ауылы (жүк және қоғамдық көліктер үшін)

Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 160 шақырымды құрайтын тас жолда (қар көшкіні қаупіне байланысты)

  • "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары" - Ушановское ауылы - Алтай қаласы (автокөліктің барлық түрлері үшін).
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу