Еліміздің екі өңірінде жайлы мектеп ашылды

147

Аталған мектептер Қостанай облысының Арқалық қаласында және Жамбыл облысының Тараз қаласында салынған.

Еліміздің екі өңірінде жайлы мектеп ашылды Фото: gov.kz

Арқалықтағы мектеп 300 орынға арналған, онда балалардың бойында зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында заманауи жабдықтармен жарақтандырылған 26 оқу кабинеті бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мектепте оқушылардың IT-құзыреттілігін, ғылыми және шығармашылық әлеуетін қолдау үшін заманауи робототехника кабинеттері, компьютерлік сыныптар және STEM-зертханалары да қарастырылған. Естеріңізге сала кетейік, жуырда осы өңірдің Заречный ауылында да жаңа жайлы мектеп қолданысқа берілген болатын.

Тараз қаласында да 1200 орындық жайлы мектеп оқушыларға өз есігін айқара ашты. Мектеп ғимаратында мәжіліс залы, 60-қа жуық оқу кабинеті, асхана, 2 спорт залы, 2 лингафон кабинеті, 3 зертхана, кітапхана, компьютер залдары, сонымен қатар 3 шеберхана мен 10 коворкинг-орталық бар. Бұл Жамбыл облысында ашылып отырған екінші жайлы мектеп.

Айта кету керек, жыл басынан бері елімізде 84 мың оқушы орнына арналған 32 жайлы мектеп ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу