Еліміздің екі өңірінде жол учаскелері жабылды

242

Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады.

Еліміздің екі өңірінде жол учаскелері жабылды Фото: Inbusiness.kz

"ҚазАвтоЖол" ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір республикалық маңызы бар жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Қар жауып, боран соғып, айналаның көріну деңгейінің төмендеуіне, сондай-ақ жолды тазарту бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты еліміздің екі облысында республикалық маңызы бар тас жолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

2023 жылы 20 желтоқсанда мына жол учаскелері жабылды:

Жамбыл облысында "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолының 159-238 шақырым аралығы, Кенен станциясынан Қайнар ауылына (Жаңа Қордай асуы) дейін -79 км;

Жетісу облысында "Үшарал-Достық" тас жолының 84-184 шақырым аралығы, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км; "Сарыөзек-Көктал" тас жолының 45-68  шақырым аралығы, (Алтын Емел асуы).

Шектеу барлық көлік түрлеріне қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу