Еліміздің екі тікұшағы Түркияда орман өрттерін сөндіруге қатысуда

1086

Бүгін Қазақстанның екі тікұшағы Түркияның оңтүстік-батысында орман өрттерін сөндіруге кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы  

Еліміздің екі тікұшағы Түркияда орман өрттерін сөндіруге қатысуда

Әуе кемелері мен кәсіби дайындалған экипаж жалпы 45 циклдан тұратын 180 тонна суды өрт ошақтарына тастады. Қазақстан борттары әуеде 10 сағаттан астам уақыт ұшып өтті.

Біздің әуе кемелеріміз Даламан қаласының іргелес аумағының отпен бақыланбайтын учаскесінде шоғырланған. Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда және ертең таң ата қайта басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша түрік халқына бауырластық және гуманитарлық көмек көрсету аясында ҚР ТЖМ күштері жіберілді.

11 тамызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрамында 16 құтқарушы және Қазақстанда құрастырылған Ми-8АМТ 2 тікұшағымен ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Каспий теңізінен және Кавказ тауларынан ұшып өтіп, Даламан қаласында орман өрттерін сөндіру бойынша құтқару жұмыстарына кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу