Еліміздің экологиялық қауіпсіздігіне былтырғыдан 16 есе көп қаржы жұмсалған

1149

2019 жылдың алғашқы үш айында қоршаған ортаны қорғауға 33,1 млрд теңге көлемінде қаражат салынған.

Еліміздің экологиялық қауіпсіздігіне былтырғыдан 16 есе көп қаржы жұмсалған

Еліміздің экологиялық қауіпсіздігіне бір тоқсанда бірден 33 млрд теңге салынған, бұл былтырғыдан 16 есе көп, деп хабарлайды energyprom.kz.

2019 жылдың алғашқы үш айында қоршаған ортаны қорғауға 33,1 млрд теңге көлемінде қомақты қаражат салынған. Бұл былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,6 есе көп. Салыстырмалы түрде алатын болсақ, 2018 жылдың қаңтар-наурызында тек 2,1 млрд теңге ғана қаражат жұмсалған, ал қаңтар-шілдеде тек 30,6 млрд теңге жұмсалған.

Энергетика министрлігі дайындаған Қазақстанның қоршаған орта жағдайы туралы есебіне сүйенер болсақ, биылғы жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау қалалары атмосфералық ауасы қатты ластанған санатқа жатқызылған. Алматы, Атырау, Өскемен, Ақтөбе, Семей қалалары да ластануы жоғары деңгейдегі қалалар қатарына енген. Ал ластану деңгейі төмен қалалар тізімінде Көкшетау, Орал, Қостанай, Қызылорда, Павлодар сияқты ірі қалалар бар.

Үш айдың қорытындысы бойынша Атырау облысы экологиялық қауіпсіздікке көп қаражат жұмсаған, яғни олар 23,4 млрд теңге жұмсап, былтырғыдан 45,5 есе артық ақша салған. Ақмола облысында қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған инвестицияның көлемі 5 млрд теңгеге жеткен, ал бір жыл бұрын бұл сома тек 3 млрд теңге ғана болған. Үшінші орында Қарағанды облысы тұр. Олар 3,3 млрд теңге жұмсаған, бұл былтырғыға қарағанда 6,2 есе өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу