Еліміздің ең мықты суретшілері Баянауылды бейнелеуге аттанады

1504

7-11 қазан аралығында Баянауылда Қазақстан Суретшілер одағы мүшелерінің қатысуымен "Саяхат Арт" республикалық пленэры өтеді.

Еліміздің ең мықты суретшілері Баянауылды бейнелеуге аттанады

Облыстық көркемсурет музейінің басшысы Айгүл Нұрғамысова атап кеткендей, аталмыш іс-шараны өткізу жыл сайын дәстүрге айналған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Жыл сайын дәстүрлі түрде суретшілеріміз табиғат аясында өңіріміздің көрікті жерлерін кенеп бетіне түсіреді. Биыл күз мерзімін таңдадық. Қазақстанның інжу-маржаны – Баянауыл өлкесінде 20 суретші жұмыс істейді",– дейді Айгүл Нұрғамысова.  

Облыстық көркемсурет музейі басшысының айтуынша, Баянауылға жол жүретін қылқалам шеберлерінің 15-і павлодарлық болса, қалған бесеуі – алматылық.

Қазақстан Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы Өсербай Шорановтың сөзіне қарағанда, әрбір шебер пленэрден үш сурет қалдыруы шарт. Найзатас, Жұмбақтас, Сабындыкөл, Жасыбай көлдерінің көріністерін кенепке түсіру жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу