Еліміздің халықаралық рейтингте төмендеуі жемқорлықпен байланысты

973

Еліміздің халықаралық рейтингте төмендеуі жемқорлықпен байланысты

Еліміздің рейтингі төмендеуіне сыбайлас жемқорлық фактілері түрткі болып тұр. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов үкімет сағатында осылай дейді. Оның айтуынша биыл Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумында бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша төмендеуіне бюжетті негізсіз жұмсау, тиімсіз игеру, аудитттік және есептік стандарттардың жетілмегені әсер еткен. Оның ішінде жемқорлық белсенділігі дендеп тұрған ең бірінші құрылыс саласы екені айтылды.

Ведомство басшысы енді тексеруді қатайтпақ. Бірыңғай аудиторлық тексеру енгізіледі. Яғни, электронды құрылым түзіледі. Сондай-ақ, бірыңғай тексеру дерек қоры құрылуы тиіс. Әзірге онда 7 мыңға жуық құжат қаралған. Алғашқы қорытындыға сәйкес, былтыр 340 млрд теңгенің жымқырылғаны анықталса, биылғы 9 айда 1,4 трлн теңге қолды болыпты. Жаңа құжатты әзірлеуге 21 заңды қаржы министрлігі, 15 заңды есеп комитеті өзгертуге ұсыныс берген. Ал, Дүниежүзі даму банк 230 аудиторды дайындап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу