Еліміздің халықаралық резерві бір айда 1,3% азайды

692

Ұлттық банктің алтын-валюта резерві 33,6 млрд долларға қысқарды. 

Еліміздің халықаралық резерві бір айда 1,3% азайды

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Ұлттық қордың активі бір айда 1 млрд долларға қысқарғанын жариялады. 

"Ұлттық банктің алтын-валюта резерві мемлекеттік борышты төлеу және интервенция жүргізу есебінен 33,6 млрд долларға азайды. Ұлттық қордың активі республикалық бюджетке 230 млрд теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт бөлу, сондай-ақ пандемияның қайталану тәуекелін іске асыруға байланысты қаржы нарығындағы теріс түзетулер есебінен бір айда 1 млрд долларға қысқарды", – деді Ерболат Досаев

Оның сөзінше, қазан айындағы теріс түзетулерге қарамастан, 2020 жылдың басынан бастап инвестициялық кіріс шамамен 950 млн доллар көлемінде болды. 

"Қазан айының соңында еліміздің  халықаралық резерві алдын ала дерек бойынша бір айда 1,3% азайып, 89,9 млрд долларды құрады", – деді Ерболат Досаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу