Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысында Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.
Оның айтуынша, 2022 жылы жалпы халықаралық резервтер 1,1 млрд долларға ұлғайып, 90,8 млрд долларды құрады.
"Алтын-валюта резервтері еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің ұлғаюына байланысты былтыр 35,1 млрд долларға дейін 696 млн долларға өсті. Алдын-ала деректер бойынша, Ұлттық қордың активтері өткен жылы 55,7 млрд долларға дейін 403 млн долларға артты.
Республикалық бюджетке 4,6 трлн теңгеге трансферттер бөлу үшін жыл басынан бастап 4,3 млрд долларға валюталық активтер сатылды.
Дамыған елдердегі орталық банктердің ақша-кредит саясатын күшейту риторикасына байланысты облигациялар мен акциялар нарығы жыл басынан бері едәуір төмендеді. Алайда, қор құрылған сәттен бастап оның ұзақ мерзімді кірістілігі жылдық мәнде 3,02% болды", – деді Ғалымжан Пірматов.