Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Жалпы халықаралық резервтер қаңтарда 3,5 млрд долларға ұлғайып, 94,3 млрд долларды құрады. 2023 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша, алтын-валюта резервтері валютадағы активтер мен алтын бағасының өсуіне байланысты 36,7 млрд долларға дейін 1,6 млрд долларға артты", – деді спикер.
Ұлттық қордың активтері биылғы қаңтарда негізгі әлемдік индекстердің өсуіне байланысты 57,6 млрд долларға дейін 3,4%-ға немесе 1,9 млрд долларға ұлғайды.
"Ұлттық қордан республикалық бюджетке 235 млрд теңгеге трансферттер бөлу үшін жыл басынан бастап 228 млн долларға Ұлттық қордың валюталық активтері сатылды. Түсім 197 млрд теңгені, оның ішінде шетел валютасында 152 млн долларды құрады", – деді Үкімет отырысында Берік Шолпанқұлов.