Еліміздің IT экспорты 3 жылда 20 есеге жуық өсті

392

Бағдат Мусин ТОП-30 IT-экспорттаушы компаниялармен кездесті. 

Еліміздің IT экспорты 3 жылда 20 есеге жуық өсті Фото: Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Кездесу барысында қатысушылар Astana Hub резиденттерінің өзекті мәселелерін және қазақстандық ІТ-экожүйені одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды талқылады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен жетекші ІТ экспорттаушылардың өкілдерімен дөңгелек үстел өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Талқылау барысында Бағдат Мусин IT қызметтерді экспорттаудың маңыздылығын атап өтті және IT-нарықты дамытуға қатысты сыни мәселелерді көтерді және қатысушылармен бірге одан әрі тұрақты даму үшін мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Бүгінгі таңда Қазақстанның IT экспорты қарқынды дамып келеді. 2020 жылы еліміздің IT экспорты шамамен $30 млн құраса, 2023 жылы $500 млн-нан асады деп болжануда, яғни 3 жылда ІТ экспорты 20 есеге жуық өсті. Бұл экономиканың өсуіне ықпал етеді, жалақы мен салық төленеді.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында 2026 жылға қарай ІТ-қызметтердің экспортын 1 миллиард долларға жеткізу және елімізді цифрлық көшпенділер үшін тартымды орталыққа айналдыру міндетін қойды. Ол соңғы жылдары Қазақстан IT секторының дамуында айтарлықтай серпіліс жасағанын атап өтті. Ірі әлемдік компаниялар мен инвесторлар тартылып, жергілікті стартаптар үшін қолайлы жағдай жасалуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу