Еліміздің қай бөлігінде күнкөріс деңгейі төмен

238

Үй шаруашылықтарын іріктеп тексеру нәтижелері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (кедейлік деңгейі) төмен халықтың үлесі 2023 жылғы III тоқсанда 5,6% құрады.  

Еліміздің қай бөлігінде күнкөріс деңгейі төмен Фото: Inbusiness.kz

Кедейлік деңгейінің ең жоғары мәні Түркістан облысында (9,6%), ал ең азы – Қарағанды облысы және Астана қаласында (2,7%-дан) тіркелді.

Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 10%-ды құрады, бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық артық.

Кедейлік деңгейі – тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан  төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы. ҚР бойынша 2023 жылғы III тоқсанда айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 51 710 теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу