Еліміздің қай өңірінде бизнес жақсы дамуда

970

Шымкентке қарағанда Қарағанды облысында шағын бизнес субъектілері көп. 

Еліміздің қай өңірінде бизнес жақсы дамуда

Статистика комитетінің мәліметінше, шілде айында Қазақстанда 1,6 млн-нан астам бірлік тіркелген. Олардың үштен екісі жеке кәсіпкерлер. Ал орта бизне өкілдерінің саны бәрінен аз, яғни 3 мыңннан төмен болған.

Үйреншікті Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан басқа ШОБ өкілдері Түркістан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында жұмыс істеуді жөн көрген. Бұл өңірлерде тіркелген шағын кәсіпкерлер саны 100 мыңнан асқан.

Сонымен қатар Қарағанды облысындағы шағын бизнес өкілдерінің саны Шымкенттен көп болып шыққан. Шағын бизнес өкілдері ең аз өңір – Солтүстік Қазақстан облысы. Ал орта бизнес өкілдері аз өңір – Жамбыл облысы. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанға қарағанда, Түркістанда фермерлер көп.

Жалпы Қазақстанда жұмыс істеп тұрған ШОБ – 1,3 млн. Оның 800 мыңнан астамы жеке кәсіпкерлер, 200 мыңнан астамы шағын бизнес пен шаруа қожалықтарының субъектілері. Ал орта бизнес саны небәрі 2,6 мың ғана.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу