Қазақстанда жолаушылар әуе көлігі қызметтерінің бағасы бір жылда жылда 9,2%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Almaty арнасының мәліметінше, өңірлер бойынша бағаның өсуін Атырау облысының тұрғындары қатты сезінді: 37,5%-ға. Екінші және үшінші орындарды Маңғыстау облысы (плюс 20,4%) және Шымкент (плюс 20,2%) алды.
Солтүстік Қазақстан облысында баға 2023 жылғы қаңтардағы деңгейде қалды.
Еліміздің 20 өңірінің 7-де жолаушылар әуе көлігінің қызметі арзандаған. Бағаның ең көп төмендеуі Абай облысында (45,2%), Батыс Қазақстан (24,4%) және Жамбыл (14,1%) облыстарында байқалды.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында авиакомпаниялар 1,2 млн адамды тасымалдады, бұл бір жыл бұрынғыдан 27,3%-ға артық. Бұл соңғы бірнеше жылдағы рекордтық көрсеткіш.
Жолаушылар айналымы 2,3 млрд пкм құрады, бұл 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 18,7%-ға артық.