Еліміздің қай өңірінде ет өнімдерін көп тұтынады?

438

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың төртінші тоқсанында жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну деректерін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еліміздің қай өңірінде ет өнімдерін көп тұтынады? Фото: canva.com

Бюроның мәліметі бойынша, азық-түлікті сатып алуға жұмсалған шығындардың ең көп үлесі ет және ет өнімдеріне (17,4%) екен. Нан өнімдері мен жарма өнімдеріне – 8%, сүт өнімдеріне – 5,4% келеді.

Бұл ретте, ет және ет өнімдерін Жамбыл облысының тұрғындары көп тұтынатын болып шықты ( тоқсан бойынша жан басына шаққанда 25,8 келі). Ал, нан және жарма өнімдерін ең көп тұтынатындар Түркістан облысында тұрады (44,1 келі). 

Балық өнімдерін Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы және Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының ас мәзірінде жиі кездеседі (5,2 келі).

Көкөністі түркістандықтар (23,8 келі), жемісті Алматы қаласының тұрғындары (22,1 келі), ал, түрлі тәттіні ұлытаулықтар (14,4 келі) жиі тұтынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу