Еліміздің қай өңірінде шай қымбат?

706

Өткен жылмен салыстырғанда елімізде шай бағасы 18,3%-ға қымбаттаған.  

Еліміздің қай өңірінде шай қымбат? Фото: legkovmeste.ru

Елімізде қазан айында қара шайдың келісі орта есеппен 4434 теңгеден сатылды, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Республика бойынша шай Астана (4725 тг/келісіне), Қызылорда (4638 тг/келісіне, Шымкент (4626 тг/келісіне), Алматы (4597 тг/келісіне) және Ақтау (4466 тг/келісіне) қалаларында қымбат тұрады.

Ал, ең арзан баға Жезқазған (3943 тг/келісіне) қаласында тіркелген. Басқа өңірлерде шайдың орташа бағасы 4000-4500 теңге аралығында көрінеді.

Ел тұрғындары шайдың бір қорабына (250 гр) орта есеппен алғанда 1108 теңге жұмсайды.

Ақпаратқа сәйкес, қазақстандықтар орташа есеппен айына 127 гр шай тұтынады.

Елімізге қара шайды негізгі жеткізушілер – Қытай, Үндістан, Иран, Шри-Ланка, Пәкістан, Түркия, Вьетнам, Кения және Уганда елдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу