Қазақстан қылмыстық сот төрелігі бойынша World Justice Project ұйымының әлемдік рейтингінде 62-орынға тұрақтады. Сарапшылар 140 мемлекетке талдау жасаған, деп жазады inbusiness.kz Finprom.kz порталына сілтеме жасап.
Ел индексі – 0,47. Бұл – рейтингке қатысқан барлық ТМД елдері арасында ең жақсы көрсеткіш. Мысалы, Өзбекстан 65-орында, Беларусь 76-орында, Молдова 85-орында, Қырғызстан 114-орында, ал Ресей 123-орында болды.
Рейтингте Еуропа елдері – Норвегия, Финляндия, Дания көш бастады. Ал, ең соңғы орында Венесуэла орналасты.
2022 жылғы қаңтар-қараша айларының қорытындысына сәйкес, елде 149,4 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен бірдей. Оның ішінде 63,6 мыңы – ауырлығы орташа, 41,4 мыңы – ауыр, 21,9 мыңы – онша ауыр емес, 2,1 мыңы – аса ауыр қылмыс. Ал, 20,4 мың жағдай теріс қылықтарға жатқызылды.
Республика бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматыда тіркелді (32,9 мың жағдай). Антилидерлер қатарында Астана (15,9 мың жағдай) және Алматы облысы (11,9 мың жағдай) бар.
Қылмыстардың ең аз саны жаңадан құрылған облыстарда – Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында тіркелді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі меншікке қарсы құқық бұзушылықтар саласында тіркелді: 114,3 мың жағдай.
Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар – 7 мың жағдай халықтың денсаулығы мен адамгершілікке қарсы қылмыстар – 6,7 мың жағдай.