Еліміздің қай өңірлерінде қылмыс өршіп тұрғаны анықталды

116

Петропавл 2024 жылы халықтың 10 мың адамына шаққанда тіркелген қылмыстар саны бойынша үшінші орынға шықты. 

Еліміздің қай өңірлерінде қылмыс өршіп тұрғаны анықталды Фото: canva.com

Алдыңғы қатарларда ірі мегаполистер Астана мен Алматы тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Петропавловск.news дерегінше, өңірдегі құқық бұзушылықтар туралы аймақ прокурорының аға көмекшісі Максим Доровик айтты.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылда облыста тіркелген құқық бұзушылықтар саны шамамен 30%-ға төмендеген. Бұл ретте 2024 жылы бірқатар ауыр қылмыстардың өсуі тіркелді.

"Денсаулыққа ауыр зиян келтіру жағдайларының саны 19%-ға, бопсалау 50%-ға, есірткі сату 6%-ға өсті", – деп атап өтті прокурордың аға көмекшісі.

Сондай-ақ, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерінің саны 67%-ға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты – 100%-ға өсті.

Қылмыстың жалпы төмендеуіне қарамастан, облыс орталығы қылмыс деңгейі жоғары өңірлер қатарында қалып отыр.

Нақтырақ айтқанда, 10 мың тұрғынға шаққанда 103 құқық бұзушылықтан келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу