Еліміздің қай өңірлерінде жұмыссыздар көп тіркелген – зерттеу

699

Қазақстанда азаматтардың 6% тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша қызметті ала алмаған. Ал жұмыспен қамту орталықтарына жүгінген азаматтардың тек жартысы өз қалауына қарай жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Еліміздің қай өңірлерінде жұмыссыздар көп тіркелген – зерттеу

2021 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша елде 451,4 мың жұмыссыз болды. Бұл – бір жыл бұрынғыға қарағанда 0,6% аз. Өңірлік бөліністе жұмыссыздардың басым бөлігі Алматыда (53,3 мың адам), сондай-ақ Алматы (49,5 мың адам) және Түркістан (41,9 мың адам) облыстарында тіркелген.

"Жұмыс істемейтіндердің көпшілігі жұмыссыздықтың себебін жұмыс табу мүмкіндігінің жоқтығымен түсіндірген. 115,1 мың адам осылай жауап берді. Тағы 102 мың жұмыс істемейтін адам өз еркімен, 49,1 мың адам отбасы жағдайына байланысты жұмыстан кеткен. Сонымен қатар, ұйымдардың таратылуына байланысты 45,7 мың адам жұмыстан босатылған. Тағы 37,9 мың адам үй шаруашылығымен айналысқан", - делінген зерттеуде.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдемдеседі. Бұл қызметтер жеке тұлғаларға тегін, қағаз немесе электрондық нұсқада көрсетіледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалаудың қоғамдық мониторингі сауалнамасына сәйкес, ел азаматтары жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі қызметтерді 5 балдың ішінде 4,7 балға бағалаған. Ал азаматтардың қанағаттану деңгейі 81% құрады.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу