Еліміздің қай тас жолдарында апат жиі болады?

261

Облыс орталықтарының арасындағы трассаларда көліктердің бетпе-бет соғысуы жиі тіркеледі. 

Еліміздің қай тас жолдарында апат жиі болады? Фото: rbc.ua

Қазақстанда төрт және одан да көп жолағы бар 6 мың шақырымнан астам жол салу қажет. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұлытау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстарының трассаларында адам өлімінің деңгейі жоғары. Шілдеде Қарағанды облысы "Алматы-Екатеринбург" трассасының жөнделіп жатқан учаскесінде 2 апта ішінде 3 жол көлік оқиғасы болды. Салдарынан 9 адам қаза тауып, 14 жарақат алды. Ақтөбе облысында бір шұңқырдың кесірінен 2 жол апаты болды, 4 адам зардап шегіп, 1-і қаза тапты. Мұндай фактілер әр аймақта бар", - деді министр.

Айтуынша, шұғыл түрде 4 және одан да көп жолағы бар 6 мың шақырымнан астам жол салу қажет.

"Олардың ішінде облыс орталықтарының арасындағы трассалар бар. Мысалы, Атырау, Ақтөбе және Орал; Өскемен, Семей; Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда; Қарағанды, Павлодар және т.б. Мұнда ені 7 метр болатын екі жолақты жолдар орналасқан. Сондықтан бұл жерлерде бетпе-бет соғысу және аударылу жиі болады", - деді Ержан Сәденов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу