Еліміздің кәсіпкерлеріне Абхазияның туризм саласы таныстырылды

804

Еліміздің кәсіпкерлеріне Абхазияның туризм саласы таныстырылды

Қазақстан мен Грузия арасындағы саяси-экономикалық байланыс бекемдейді. Қазір екі ел арасындағы түрлі саладағы қарым-қатынас аймақтық дәрежеде де дамып келеді, деп хабарлайды 24Хабар.

Бүгінде Грузияның Аджар автономиялық республикасы мен Қазақстанның 165-ке жуық компаниялары біріккен жобалармен сәтті жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Астанадағы "Визит Батуми" бизнес-форумында айтылды. Қазақстанның 2005-2016 жылдар аралығында Грузия экономикасына салған инвестиция көлемі 343 миллион долларды құрады. Екі жақтың іскерлері енді ауыл шаруашылығы мен туризм және қонақ үй бизнесі, құрылыс саласында әріптестік қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделі. Осы бағытта Аджария үкіметі қазақстандық кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға әзір, - дейді Грузия тарапы.

"Біз өзімізде бар өнімді көрсетіп қоймай, қазақстандық әріптестерімізді еліміздегі заңнамалық-құқықтық салық ережелерімен хабардар етуді жөн көрдік. Мысалы, сіздерде халыққа қызмет көрсету орталығы болса, бізде әділет үйі бар. Яғни Қазақстаннан келген іскер азаматтар бір терезеден бір күн ішінде барлық сұрақтарыңа жауап алып, компаниясын тіркей алады. Жылжымайтын мүлік сатып алса, қосымша құжаттар қажет болмайды, тек жеке куәлігі жеткілікті", – деді Грузияның Аджар автономиялық Республикасы үкіметінің төрағасы Зураба Патарадзе.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу