Еліміздің кей аймағында үсік жүреді

949

Еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, жел тұрады.

Еліміздің кей аймағында үсік жүреді

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы суытады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлайды.

Алдағы күндерде солтүстік аймақтарда, күндіз орталық өңірлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді.  Кей жерлерде ауа температурасы күрт төмендеуі мүмкін. 30 градус жылудан кейін күндізгі ауа температурасы 17-22, ал солтүстікте 8-13 градусқа дейін төмендейді ", –­­ делінген синоптиктер таратқан хабарламада.   

Синоптиктердің болжауынша, алдағы түні еліміздің шығысында жауған жаңбыр дымқыл қарға ұласып, ауа температурасы  0-5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ал өзге өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауып, аздап күн суытады.

"Қазгидромет" мәліметі бойынша, 14 мамыр күні Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын, найзағай, нөсерлі дауыл күтілуде. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, күндіз желдің ұйытқуы 23-28 м/с болады. 14-15 мамыр күні түнде ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендейді.   

15-16 мамыр күні Қостанай облысында 3 градусқа дейін төмендейді. 14 мамыр күні күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстанда найзағай ойнап, дауылды жаңбыр болады деп күтілуде. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрып, оның шамасы 23-28 м/с жетеді. 15-16 мамыр күні 1-6 градус үскірік болады.        

Қарағанды облысында 14 күні күндіз, ал 15 мамыр күні нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің қарқыны 15-20 м/с болып, екпіні 23-28 м/с жетеді. 14-16 мамыр күні түнде 1-6 градус шамасында үскірік болады. 

Елордада 14 мамыр күні нөсер жаңбыр жауып, 15-20 м/с дейін жел соғады. Нұр-Сұлтанда 15-16 мамыр күні 1-3 градусқа дейін үскірік болуы мүмкін.      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу