Еліміздің кей өңірінде сырқаттану көрсеткіші күрт өсті

1214

Мемлекеттік бас санитар дәрігердің айтуынша бұл халықтың бір бірімен жиі байланыста болуының нәтижесі.

Еліміздің кей өңірінде сырқаттану көрсеткіші күрт өсті

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова өңірлерде COVID-19-дың таралу статистикасына тоқталды. 

"Елімізде алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану көрсеткіші 1,4 есеге өскен. Сегіз аймақта, оның ішінде Ақмола, Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында сырқаттану көрсеткіші 2 еседен, 6 есеге дейін артты. Ал бес өңірде: Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлан қаласында сырқаттанғандар саны 20%-дан 50%-ға дейін өсті. Қалған Алматы, Шымкет қалалары мен Ақтөбе Қарағанды облыстарында індет жұқтырғандар санының күрт көбеюі байқалмады", – деген мемлекеттік бас санитар дәрігер індет жұқтырғандардың көбі науқастармен байланыста болғандар екенін атап өтті. 

"Індет жұқтырғандардың 37%-ы байланыста болғандар, 38%-ы профилактикалық тексеру барысында, 25%-ы жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың арасында, 0,3%-ы сырттан келгендер арасында анықталды. Өткен тәулікте елімізде сырқаттанудың 499 жаңа жағдайы тіркелді. 816 симптомсыз вирус тасымалдаушы анықталды. Науқастар саны халықтың бір-бірімен жиі байланыста болуының нәтижесінде артуда. Оның ішінде отбасылық, еңбек және әлеуметтік байланыс бар", – деді Айжан Есмағамбетова. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу