Метереологтар алдағы күндері күн райы құбылмалы, кей жерлерде қар жауып, боран соғып, көктайғақ болатынын хабарлады. Солтүстік және орталық өңірде ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендесе, оңтүстікте күн райы +5 градус жылы болады. Ал еліміздің шығысында аязды ауа райы сақталады. Мұнда сынап бағаны 20 градусқа дейін төмендейді, деп жазады 24Хабар.
"Ертең Астанада көшпелі бұлтты. Күндіз аздаған қар жауады. Түнгі ауа температурасы 30-32. Күндіз 13-15 градус суық. 25 желтоқсанда күндіз қар жауады. Түнде ауа температурасы 20-22, күндіз 13-14 градус суық. 26 желтоқсанда жауын-шашынсыз. Түнде 21-23, күндіз 13-15 градус суық болады", – деді "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі Айдана Абықан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу