Еліміздің кейбір аймағында тұман түсіп, жаңбыр жауады

959

Тек еліміздің батысында күн райы ашық болады.  

Еліміздің кейбір аймағында тұман түсіп, жаңбыр жауады

Жексенбі елімізде тұман түсіп, жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжауынша, 6 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік және оңтүстік антициклон әсер етеді, осыған байланысты оңтүстікте күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, кей жерлерде жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, батыста шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау және Атырау облыстарында шаңды дауыл соғуы ықтимал. Түркістан, күндіз Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз найзағай жарқылдайды, дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Атырау, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Түркістан облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу