2018 жылы Қазақстанда 112 кинотеатр 746,2 мың кино көрсетіп, оған 17,8 млн көрермен барған.
Кино көрсетуден түскен кіріс 18,4 млрд теңге болып, 2017 жылмен салыстырғанда 0,5%-ға төмендеген, деп жазады LS сайты.
Кинотеатрға келушілердің 80,4%-ы ересек адамдар, ал 19,6%-ы балалар болған.
Көбінесе АҚШ-та түсірілген фильмдер көп көрсетілген. Қазақстандық кино 3 млн рет, Ресей киносы 1,6 млн рет, британдық фильмдер 465,2 мың рет көрсетілген.
Бір жыл ішінде шетелдік фильмдердің прокаты 15,2 млрд теңге, ал отандық фильмдер 3,2 млрд теңге жинаған.
Ең көп ақша жинаған кинотеатрлар Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының кинотеатрлары ең көп ақша жинаған.