Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді

465

Құжат көлік саласының барлық бағытын қамтып, оның ішінде теміржол, автомобиль, су, әуе көлігі, сондай-ақ логистика саласының дамыту мәселелерін көздейді.  

Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындауға байланысты Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Енді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұжырымдамада қарастырылған міндеттерді уақтылы іске асыру жөнінде шараларды қабылдайды. Бұл қолға алынған амал осы бағытта қолжетімді, қауіпсіз және инклюзивті ұтқырлықты қамтамасыз етіп, сонымен қатар еліміздің бәсекеге қабілеттілігін нығайтумен бірге транзиттік хабқа айналуға септігін тигізеді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу