Еліміздің көлік нарығы былтыр екі есеге төмендеді

1132

Еліміздің көлік нарығы былтыр екі есеге төмендеді

2016 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан Республикасында 600600 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10,8% кем. Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3850,9 мың бірлікті құрады.
Ағымдағы жылғы 11 айда 23384 адам зардап шеккен 16332 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 5,7%-ға азайған, делінген ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметінде.
2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 20,6 млрд теңге сомасына 60898 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу