Еліміздің креативті секторларында 143,6 мың адам жұмыс істейді

220

Қазақстандағы креативті индустрия 12 бағыт бойынша дамып келе жатыр.

Еліміздің креативті секторларында 143,6 мың адам жұмыс істейді Фото: gov.kz

Үкімет отырысында ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева республикадағы креативті индустрияны дамыту жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол 2021 жылдан бері Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында ел экономикасында осы сектордың үлесін арттырудың маңызын бірнеше рет атап өткеніне тоқталды.

Республикада арнайы жобалық кеңсе жұмыс істейді, саланы дамыту тұжырымдамасы қабылданды, оны институционалдық тұрғыда қалыптастыру және осы саладағы бизнесті ынталандыру бойынша жұмыс жүргізілді.

"Бүгінгі таңда Қазақстандағы креативті индустрия 12 бағыт бойынша дамып, 43 экономикалық қызмет жіктеуіші түрін қамтиды. Қазақстанда креативті индустриямен айналысатын тіркелген субъектілерінің саны 45,5 мыңнан асады, еліміздің ЖІӨ-дегі жалпы қосылған құнның үлесі 1%-ды құрайды. Барлық субъектілердің 50%-дан астамы Алматы мен Астанада шоғырланған, олардың 70%-ы жеке кәсіпкерлер", - деді Аида Балаева.

Еліміздің креативті секторларында барлығы 143,6 мың адам жұмыспен қамтылғаны атап өтілді. Олардың ішінде IT, сәулет және сән өнері, мәдени-демалыс мекемелері, кітапханалар мен музейлер, сондай-ақ халықтың қолөнері еңбекті көп қажет ететін салалар болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу