Демалушылардың 16,5% – шетелдік қонақтар. 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанның курорттық аймақтары 3,8 млн келушіні қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
- 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларының қорытындысы бойынша ең танымал курорт аймағы – 2,2 млн адам барған Алматы тау кластері.
- Екінші орында – Щучье-Бурабай курорт аймағы - 373,1 мың келуші.
- Үшінші орында 308,8 мың адам демалған Маңғыстау курорт аймағы.
Сондай-ақ, бестікке тағы екі танымал аймақ енді – Балқаш туристік аймағы (169,2 мың адам) және Жетісу облысының Алакөл курорт аймағы (147,1 мың адам).
2025 жылғы қаңтар-қыркүйекте курорт аймақтарындағы орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі 154,7 млрд теңгені құрады.
Айта кетейік, Қазақстанның курорттық аймақтарында қонақтарды қабылдайтын 1876 орын бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу