Еліміздің Латвиядағы астық терминалында жаңа қойманың құрылысы аяқталды

783

Еліміздің Латвиядағы астық терминалында жаңа қойманың құрылысы аяқталды

Латвиядағы қазақстандық компанияға тиесілі астық терминалының жаңа қоймасының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды khabar.kz.

Ол Вентспилс қаласындағы еркін кемежай аймағында орналасқан. 2005 жылы салынған терминал – Панамакс санатындағы кемелерді қабылдап, қызмет көрсететін жалғыз компания.

Жаңадан іске қосылған қойманың көмегімен ендігі жерде кез келген ауыл шаруашылығы тауарларын теңізге және керісінше, құрлыққа ауыстырып тиеуге мүмкіндік туды. Кешеннің жалпы сыйымдылығы 70-тен 100 мың тоннаға дейін көбейді. Жаңа қоймада кемелерді тиеуге арналған бункерлік таразы, вагондарға арналған жүк тиеу стансасы, кемелерді немесе жерүсті көлігін тиеу мен түсіруге арналған жаңа технологиялық желілер де бар.

"Бұрын біз Панамаксқа экспорт үшін тек 75 тонна бидай мен арпа жүктей алсақ, бүгінде әмбебап қойманың болуы кең ассортиментте ауыл шаруашылығы тауарларын жүктеуге мүмкіндік береді. Олар: күнжара, қызылша жомы, жүгері, күнбағыс, зығыр, тұқымы. Сондай-ақ біздің қант шикізатын, соя бұршағын, соя күнжарасын импорттауға да мүмкіндігіміз бар", - дейді терминалдың басқарма төрағасы Владислав Шафранский.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу