Еліміздің Литвадағы елшілігінің қызметкері мас күйінде көлік айдап ұсталды

1088

Қазір елге оралған елшілік қызметкеріне қатысты ішкі тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Еліміздің Литвадағы елшілігінің қызметкері мас күйінде көлік айдап ұсталды

Литвада мас күйінде көлік жүргізіп, полицияға ұсталған Қазақстан елшілігінің қызметкері Астанаға шақырылды. Литва полициясы оған қатысты ешқандай талап қойған жоқ. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Айтуынша, оқиға 7 қыркүйекте болған. Литва полицейлері рейд кезінде Қазақстан елшілігінің көлігін тоқтатқан. Тексеру нәтижесінде жүргізушінің алкогольді рұқсат етілген нормадан асыра ішкені анықталды. Қазір елге оралған елшілік қызметкеріне қатысты ішкі тергеу-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу