Еліміздің локомотив паркі 72 жаңа техникамен толықты

358

 Жаңа локомотивтер заманауи микропроцессорлық басқару жүйелерімен қамтамасыз етілген.

Еліміздің локомотив паркі 72 жаңа техникамен толықты Фото: gov.kz

Wabtec және CRRC компанияларының магистральдық тепловоздары, Alstom электровоздары, сондай-ақ CRRC маневрлік тепловоздары пайдалануға берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі заманғы локомотивтер Астана, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Мақат, Екібастұз, Жем және Балқаштың локомотив пайдалану деполарына бөлінген.

– Локомотив паркін жаңарту пойыздар қозғалысының қауіпсіздік деңгейін арттыруға, жылжымалы құрамның пайдалану сипаттамаларын жақсартуға және локомотив бригадалары үшін неғұрлым қолайлы еңбек жағдайларын жасауға мүмкіндік берді. Жаңа локомотивтер заманауи микропроцессорлық басқару жүйелерімен, "Борт" жүйесімен, бейнебақылау құралдарымен, сондай-ақ тасымалдау процесінің сенімділігі мен тиімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін заманауи радиобайланыс кешендерімен жабдықталған, – делінген ұлттық компанияның хабарламасында.

Пайдалануға берілмес бұрын барлық техника кешенді түрде зертханалық және техникалық сынақтардан өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу