Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Президенттің Жарлығымен Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу