Еліміздің мамандары көрші елдің ғимараттарын тексеріп береді

781

Қазіргі уақытта "ҚазҚСҒЗИ" АҚ мамандары вибродинамикалық эксперименталдық сынауларды жүргізу үшін қажетті даярлық жұмыстарын аяқтап жатыр.

Еліміздің мамандары көрші елдің ғимараттарын тексеріп береді

Келесі аптада Ташкентте "ҚазҚСҒЗИ" АҚ қызметкерлері жүргізетін ауқымды вибродинамикалық сынаулар басталады, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Эксперименталдық вибродинамикалық сынаулардың бірнеше кезеңі аясында "Өзбекстандағы қолжетімді тұрғын үй" бағдарламасы бойынша сериялық өндіріске енгізу жоспарланып отырған 9-қабатты үйдің беріктігі тексеріледі. Вибродинамикалық сынаулардың барысында ірі панельді ғимараттың жаңа конструктивтік схемасының сейсмикаға төзімділік деңгейі, оның жобалау шешіміне сәйкестігі  тексеріледі.

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ мамандары сонымен бірге бетонның нақты және жобалық беріктігін сәйкестікке тексереді. Вибросынаулар барысында алынған конструкциялардың орын ауыстыру үдеулері туралы дерек жойқын жер сілкінісі болған жағдайдағы ғимараттың беріктігіне талдау жүргізу үшін қолданылады.

Қазіргі уақытта "ҚазҚСҒЗИ" АҚ мамандары вибродинамикалық эксперименталдық сынауларды жүргізу үшін қажетті даярлық жұмыстарын аяқтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу