Тәрбиешілердің жетіспеушілігі негізінен Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстарында байқалады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Екі жыл бұрын педагогтер тапшылығы 13 мың адамды құраса, бүгінгі күні статистикалық деректерге сәйкес 7 мың адамды құрайды, яғни тапшылықтың төмендегенін көріп отырмыз", – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.
Тапшылықтың төмендеуіне жалақының өсуі ықпал етті. 2020 жылдан бастап жыл сайын мұғалімдердің жалақысы 25%-ға көтеріліп, төрт жыл ішінде 100%-ға артты. Сонымен қатар, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің жалақысы тағы 30%-ға ұлғайды.