Еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау онлайн өтеді

1565

25 мамыр күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.К. Аймағамбетов телеарналар арқылы түлектерді құттықтайды.

Еліміздің мектептерінде соңғы қоңырау онлайн өтеді Фото: eottm.com

"25 мамырда 1-10 сынаптарда онлайн-соңғы қоңырау шарасы, 3 маусымда мектеп бітіруші түлектерге аттестат табыстау рәсімі бұдан бұрын да хабарлағанымыздай мектеп ауласында өткізіледі. Ал балабақшалар қазіргідей "кезекші топ" режимінде жұмысын жалғастырады", –деп хабарлайды қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.  Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында жазылған. 

Сонымен қатар, сол күні барлық мектептерде мүмкіндігінше ата-аналардың, қамқорлық кеңес мүшелерінің, бизнес өкілдерінің, мектепті үздік бітірген бұрынғы түлектердің қатысуымен 1-10 сыныптарға арналған онлайн-Соңғы қоңырау өткізіледі. Аталмыш шара еркін кесте бойынша өтеді.  

3 маусым күні барлық мектептерде 11 сынып түлектері үшін аттестаттар мен "Алтын белгіні" тапсыру рәсімі өткізіледі. Іс-шара мектеп аумағында, ашық аспан астында ұйымдастырылады. Мектеп бітірушілердің мектеп формасымен қатысуы қатаң түрде ескертіледі.

Салтанатты рәсімнен кейін "Түлектер аллеясында" ағаш отырғызу жоспарлануда. Бітіру іс-шараларын өткізу күндері мектеп әкімшілігіне құқық бұзушылыққа жол бермеу, санитарлық және эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтау шаралары жүктелді.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу