Еліміздің өңдеу өнеркәсібіне 5 жылда 18,7 млрд доллар инвестиция тартылған

673

Өндіріс саласында бүгінгі күні 1 млн адам жұмыс істейді. 

Еліміздің өңдеу өнеркәсібіне 5 жылда 18,7 млрд доллар инвестиция тартылған

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамкұлов халық алдында есеп беру кездесуін өткізді. Министрдің айтуынша, еліміздің өңдеу өнеркәсібіне 5 жылда 18,7 млрд АҚШ долларын құрайтын тікелей инвестиция тартылған.

"Өндіріс саласы үшін 2019 жыл табысты өтті. Бұл сала ел экономикасындағы ЖІӨ-нің 27,5%-ын құрады. Оның 11,4%-ын өңдеу өнеркәсібі алды. Биылғы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, 22 мыңнан астам кәсіпорын өндіріс саласында қызмет етуде. Бүгінгі күні бұл салада 1 млн адам жұмыс істейді", – дей отырып министр қоғам тарапынан сынға ұшырағанына қарамастан, Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы елдегі өңдеу өндірісінің өркендеуіне серпін бергенін мойындау қажеттігін айтты.

"Соңғы 5 жылда өңдеу өндірісіндегі жалпы қосылған құн 30,6 трлн теңгені құрады. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 7,8 трлн теңге болды. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 87%-ға артық. Өңдеу өнеркәсібінің басым бағыттарындағы кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы соңғы 5 жылда орташа алғанда 50%-ға өскен. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары 45 трлн теңгенің өнімін жасап шығарған. Өңдеу өнеркәсібіне 5 жылда 18,7 млрд АҚШ долларын құрайтын тікелей инвестиция тартылды", – деп Бейбіт Атамкұлов өндіріс саласының өсу қарқынын ерекше атап айтты. 

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу