2018 жылдың 29 сәуірінен бастап ресейлік тасымалдаушы – "Сибирь" әуе компаниясы ұшу жиілігі аптасына екі рет болатын Мәскеу – Тараз және биылғы 1 маусымнан бастап аптасына екі рет орындалатын Мәскеу – Көкшетау бағытындағы жаңа тұрақты әуе рейстерін ашуды жоспарлап отыр. Рейстер Аэробус 319/320 типіндегі әуе кемесімен орындалатын болады.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 30 мамырынан бастап аталған әуе компаниясы Новосібір – Павлодар бағытында тұрақты рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Бұл рейстер аптасына екі рет жоғарыда аталған Аэробус 319/320 типіндегі әуе кемесімен орындалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу