Еліміздің оңтүстігінде дизель отыны қымбаттады

762

Оңтүстікте жергілікті шаруалар дизелді қымбатқа алуға мәжбүр. 

Еліміздің оңтүстігінде дизель отыны қымбаттады

Еліміздің оңтүстігінде дизель отыны қымбаттады. Бұған дейін 176-178 теңгеден сатылған жанар-жағармайдың құны қазір 180-183 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды Atameken TV.

Баға әсіресе кішігірім жанар-жағармай бекеттерінде шарықтап тұр. Ал ірі орталықтарда баға әзірге көтерілген жоқ.

Өңірдегі  "Жанар-жағар май қауымдастығының" төрағасы Қайыпбек Қамбаровтың  айтуына қарағанда, бағаның күрт өсуіне  егін науқанындағы сұраныстың артуы себеп болған.

Сондай-ақ бекеттерге бөлінетін дизель отынының көлемі де азайып отыр. Мәселен, аймақта жаздағы ауыл шаруашылығы жұмыстарына 24 мың 700 тонна дизель отыны бөлінген болса, әлі де сұйық отынға деген сұраныс жоғары болуда.

Ауыл шаруашылығы министрілгінің арнайы бағдарламасымен бөлінуге тиіс 13 мың тонна дизель отыны айдың соңына қарай жеткізіледі деп жоспарланған. Сондықтан жергілікті шаруалар әлі де көтерілген бағамен алуға мәжбүр. Өйткені ауылдық жерлерде ірі компаниялардың бекеті жоқтың қасы.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу