Еліміздің оңтүстігінде көмір қымбаттады

1358

Биылғы жылдың 10 айында кеніштерден 93 млн тоннаға жуық көмір шығарылған. Бұл былтырғы жылдағымен салыстырғанда 3 пайызға аз.

Еліміздің оңтүстігінде көмір қымбаттады

Оңтүстік өңірлерінде көмір қымбаттады. Бір айда тас көмірдің бағасы шарықтаған ірі қалалар қатарында Талдықорған, Тараз бен Түркістан бар, деп хабарлайды Atameken Business.

Мамандардың пайымдауынша, бұған өндіріс көлемінің кемуі себеп болған. Биылғы жылдың 10 айында кеніштерден 93 млн тоннаға жуық көмір шығарылған. Бұл былтырғы жылдағымен салыстырғанда 3 пайызға аз.

Ал бұған дейін өндіріс екі жыл қатарынан артқан еді. Оңтүстік өңірлерде бағасы тоннасына 14 мың теңгеден асып кетсе, ең арзаны Семейде – сегіз жарым мың теңге шамасында. Ал ең қымбаты Оралда, тоннасы – 18 мың теңгеден астам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу