Жамбыл облысындағы Көксай шатқалында қар көшкі астында қалуы мүмкін әскери қызметшілерді іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады еліміздің қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
"Жамбыл облысының Көксай шатқалында 91678 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің жоспарлы әскери даярлық жаттығулары кезінде кенет қар көшкіні жүрді", – делінеді баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі таңда еліміздің ІІМ төтенше жағдай комитетімен бірлесіп іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу